Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Шахтердің» ойыншысы атанды
«Шахтер» футбол клубы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Тимур Досмағамбетовпен келісімшартқа отырды, деп жазады Prosports.kz. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Досмағамбетовтың соңғы жұмыс орны «Тараз» клубы болды. Сондай-ақ 32 жастағы футболшы «Оқжетпес», «Тобыл», «Восток», «Ордабасы», «Ақтөбе» сынды клубтарда өнер көрсеткен.
Тимур Досмағамбетов Қазақстан құрамасы сапында 9 кездесуде алаңға шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или