Қанат Исламның қарсыласы жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетті
Британиялық боксшы Джимми Келли (25-2, 10 КО) алдағы жекпе-жегіне дайындықты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол жақында қазақстандық боксшы Қанат Исламмен (28-0, 22 КО) жұдырықтасады.
Ислам – Келли жекпе-жегі 21 қаңтарда Американың Флорида штатындағы Плант-Сити қаласында өтуі керек еді, бірақ аймақта коронавирус қайта өршіп кеткендіктен, ұйымдастырушылар шараны 25 ақпанға ауыстыруды ұйғарды.
Келли инстаграм парақшасында жаттығу сәтінен видео жариялап: «Ковидке байланысты үлкен жекпе-жек кейінге шегерілді, бірақ мен жаттығуды тоқтатпаймын», деп жазды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или