Сезар Чавес Фонфарадан ұтылып қалды

Бокстан орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы кіші-Хулио Сезар Чавес польшалық Анджей Фонфарадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Кездесу америкалық Карсон қаласында өтті. Жекпе-жек бойына басымдық Фонфарада болған. Тоғызыншы раундта поляк Чавесті нокдаунға жіберді. Үзілісте мексикалық команда кездесуді тоқтату туралы шешім шығарды.

Осылайша, кіші-Сезар Чавес елу кездесуінің екеуінде жеңіліс тапты. Ал Анджей Фонфара жеңістерінің санын 27-ге көбейтті. Бұған дейін ол үш рет жеңілген.

Естеріңізге сала кетсек, кіші-Чавес қазақстандық Геннадий Головкинді жеңетініне сенімді екенін айтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или