Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы WBC рейтингінде ТОП-20 қатарына енді
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ санаттары өкілдерінің рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
WBC International Silver тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы чемпион Жан Кособуцки 23-тен 19-ға көтерілді.
Қамшыбек Күнқабаев төрт позицияны қайтарып алып, бірінші ауыр салмақтағы рейтингте 32-орынға тұрақтады.
Екінші орта категорияда Айдос Ербосынұлы 17-орынға сырғып, ТОП-15-тен шықты. Әли Ахмедов екі сатыға көтерілді - 21-ші.
Орта салмақта Жәнібек Әлімханұлы төртінші, ал Мейірім Нұрсұлтанов 17-орынды сақтап қалды.
Бірінші орта дивизионда өнер көрсететін Садриддин Ахмедов 20-ыншы болып қалды.
Жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов позициясын үш сатыға жақсартты - 20-шы.
Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақ санатындағы рейтингте бұрынғысынша 22-орында тұр. Дәл осындай рейтингке 39-шы орынмен Руслан Мәдиев енді.