Қазақстандық теннисші Мысырдағы жарыстың жеңімпазы атанды
Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Мысырда өткен ITF M15 жарысының жеңімпазы атанды.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Г.Ломакин тайбэйлік Рэй Хомен бірге финалда турнирдің бірінші ракеткалары, зимбабвелік Бенджамин Лок – Польша өкілі Даниэль Михальскимен бас жүлдені сарақа салды.
Тең дәрежеде өткен матч тағдыры тай-брейкте шешілді. Г.Ломакин мен Р.Хо 7:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша қазақстандық теннисші жұптық сында ITF сериясында 15-інші, биылғы бірінші титулына қол жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или