Astana Arlans Argentina Condors-ты қапы қалдырды

Бүкіләлемдік бокс сериясының В тобындағы кезекті матчында Astana Arlans Argentina Condors клубынан басым түсті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алғашқы кездесуді қазақстандықтар сәтсіз бһөткізді. Жомарт Ержан Леандро Заратаға 0:3 есебімен жол берді. Астаналықтар екінші матчта сенімді жеңіспен жауап қатты – Қайрат Ералиев Джонатан Санчесті (3:0) ұтты. Самат Башенов Лукас Хименесті (3:0) жеңіп, «арландарды» алға шығарды – 2:1. Кездесудің жеңімпазын 75 келі салмақтағы боксшылар анықтап берді. Жәнібек Әлімханұлы Кристиан Заратені (3:0) қапы қалдырды. Соңғы жекпе-жек Василий Левит пен Диего Бланкенің арасында өтті. Левит аргентиналықты техникалық нокаутпен жеңіп, Astana Arlans 4:1 есебімен ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или