«Ақтөбе» алғашқы қысқы жиынын бастады
13 қаңтарда «қызыл-ақтардың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны басталды, деп жазады Prosports.kz клубтың парақшасына сілтеме жасап.
Айта кетерлігі, елдегі соңғы оқиғалар мен облыстағы төтенше жағдайға байланысты клуб әлеуметтік желіде ақпарат жарияламады.
Владимир Мухановтың шәкiрттерi маусымға дайындық аясында 7 қаңтарда Белекке ұшуы керек еді. ОЖЖ кешігуіне байланысты екі дебюттік бақылау матчы да болмайтын болды. Дегенмен, Украинаның «Полесье» және «Заря» клубтарымен екі жолдастық кездесу бұрын жарияланған мерзімде өтеді.
Жақын арада жанкүйерлер назарына командаға жаңадан келген және қаралымдағы ойыншылар ұсынылатын болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или