Шмидтгаль араға 7 ай салып футболға оралды

Қазақстан Ұлттық құрамасының қорғаушысы соңғы ойынын өткен жылдың қыркүйек айында өткізген болатын, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Генрих Шмидтгаль 2014 жылдың қыркүйек айында командамен жаттығу барысында жарақат алып қалды. Араға 7 ай салып футболға қайта оралған ол 17-ші сәуір күні «Фортуна» - «Ингольштадт» арасындағы ойында алаңға алғашқы минуттардан бастап шықты. Есеп 2:3 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Естеріңізге сала кетейік, «Ингольштадт» сапында тағы бір Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншысы Константин Энгель доп тебеді. Бірақ бұл мачта ол алаңға шықпады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или