«Қайрат» оқу-жаттығу жиынын бастады
13 қаңтар күні «Қайрат» ұжымының ойыншылары мен бапкерлік құрамы оңтүстік астанаға алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізуге жиналды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.
Жиында тереңдетілген медициналық тексеру және ойыншылардың функционалды жағдайын тексеру жоспарланған.
Бұл жылы Алматы қаласындағы «Қайрат» ФК-ның базасында өтетін бірінші жиынға негізгі командамен бірге «Қайрат-Жастар» және «Қайрат-Мәскеу» ұжымдары келіп қосылды.
Кездесуде ойыншыларға 2022 жылғы маусымға арналған бапкерлік құраммен таныстырды.
Оқу-жаттығу жиындарына арналған команда құрамы алдағы уақытта жарияланады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или