Нұралы Әліп «Зенит» сапындағы алғашқы жаттығуын өткізді

Нұралы Әліп «Зенит» сапындағы алғашқы жаттығуын өткізді

Шабуылшы Иван Сергеев пен қорғаушы Нұралы Әліп «Зенит» сапында алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Матч ТВ сайтына сілтеме жасап. 

Петерборлық клуб жиынын Дубайда өткізіп жатыр. Жұма күні жиындағы алғашқы жаттығу өтті. Ойыншылар төрт топқа бөлініп, Моньони тестінен өткен. Әліп пен Сергеев Дмитрий Чистяков пен Андрей Мостовоймен бірге екінші топта болған.

Кешкісін «Зенит» футболшылары тағы да жаттығу өткізеді. 

Айта кетейік, «Қайрат» қорғаушысы Нұралы Әліп «Зенитте» қаралымнан өтіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или