Кукушкин Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне өтті

Кукушкин Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз іріктеу кезеңінің финалында ATP рейтингісінде 141-орында тұрған португалиялық теннисші Эрнесто Эскобедоны жеңді.

2 сағат 56 минутқа созылған аса тартысты кездесу 6:4, 5:7, 7:5 есебімен аяқталды. 

Айта кетейік, бұған дейін Тимофей Скатов та негізгі кезеңге өткен еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или