Анна Данилина Сидней турнирінің жартылай финалына өтті

Анна Данилина Сидней турнирінің жартылай финалына өтті

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Сидней WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге ширек финалда ресейліктер Екатерина Александрова – Натела Дзаламидземен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда ресейлік жұп басымдылық танытты – 7:5. Екіншісінде Анна мен Беатрис дәл сондай есеппен есе қайырды – 7:5. Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:8. Қазақстандық-бразилиялық жұп 1 сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында эйс жасамағанымен, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыластары 3 эйс, 3 брейкке (8 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Анна Данилина мен Беатрис Хаддад Майя финалға шығу үшін осы жарыстың 2-ракеткалары, жапониялықтар Сюко Аояма – Ена Шибахарамен таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или