Кенжелеп қалған өнер

Кенжелеп қалған өнер

Елімізде спорттық каратэ айтарлықтай дамығанымен, дәстүрлі каратэ кенде қалып таңылмай жатыр. Осы орайда «PROСПОРТ» тілшісі Окинава Годзю-рю Карате-до спортының еліміздегі хал-ахуалын зерттеп көрді.

Жалпы годзю-рю каратэ, яғни дәстүрлі каратэ дегеніміз адамның ішкі энергетикасын пайдалану арқылы қатты және жеңіл техникалармен комбинация жасау. Қазақстанда бұл спорт түрі 25 жыл бұрын Амангелді Карменнің бастауымен ашылған.

Оның айтуынша, бұл спорт балалар үшін қолайлы: «Спорттық каратэге қатысатындар мансабын отыздан асқан шағында аяқтай бастайды, неге? Себебі олар үш ай сайын турнирге қатысады, физикалық тұрғыда күш көп кетіреді. Ал дәстүрлі каратэмен кішкентай баладан бастап 50, 60 жастағы қарттар да айналыса береді, себебі мұнда энергетикалық жаттығулар жасалады.

Елімізде годзю-рю каратэден аз болса да, түрлі семинарлар өтіп тұрады. Мысалы, былтыр Дания, Канада, Жапония, Англиядан арнайы мамандар шақырылып, үлкен семинар өткен. Амангелді Карменнің өзі де таяу елдерге барып, шеберлік сабағын өткізіп тұрады. Мұндай жетістіктерге федерация өз күштерімен жетіп жүр. Ешқандай демеуші жоқ. Тиісінше, маркетинг те жоқ бұл одақта.

«Ешқандай маркетинг жасалып жатқан жоқ. Бізде ешқандай демеушміз де жоқ. Жалпы, демеушілер ережесіз жекпе-жектерді, шоуларды жақсы көреді ғой. Ал адамдарға тәлім беретін нәрсені көп түсіне бермейді. Біз де жеткізе алмайтын шығармыз, мүмкін. Егер бізге демеушілер табылып жатса, біз оларға өз қызметімізді ұсынар едік. Себебі біздің каратэ жас таңдамайды, үлкен адамдар да айналыса береді», -дейді Амангелді мырза.

Бүгінде одақ жеке меншік болғандықтан, қатысам деуші балалардан ай сайын төлемақы талап етіледі. Спорт залды, бапкерлердің жалақысын, салықты балалардан түскен қаржы арқылы жабады.

Карменнің айтуынша, мемлекеттен де көмек сұраған тиімсіз екен: «Мемлекеттен көмек сұраған жоқпыз. Олардан не деп сұрайық? Егер мемлекет жалақы төлеп отырса, бапкерлердің кәсіби сапасы төмендеп кетеді. Өйткені, ақшаға тойған бапкер қалай болса, солай жаттықтырады. Мектептегі дене тәрбиесінің мұғалімдері секілді. Бір ысқырып, ойната салады ғой оқушыларды. Әрине, егер мемлекет көмектесіп жатса, бапкерлерді шетелге апара аламыз. Солармен тәжірибе алмасқан жақсы ғой».

Федерацияның қызметкерлері балалар үшін қолдарынан келгенше барлық жағдайды жасауға тырысқан. Жаттығу үшін не керектің бәрі бар. Жас каратэші Дәулетбек Орынбектің әкесі Ғалымбек Қалиаждаровтың сөзіне жүгінсек, баласы баратын «Junor club»орталығында барлық жағдай жасалған. Дәулетбек әсіресе, жаттықтырушысы Нұрғали Өсербайды қатты жақсы көретінін айтады. Балалармен жақсы тіл табысып, өзіне баурап алған спортшының тәрбиеленушілері де жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Әр баламен жеке-жеке жұмыс жасап, ақсап тұрған тұстарын дереу жөндеуге ықпал етеді. Тағы бір ерекше тоқталатын жайт – балалар тек бір ғана жаттықтырушыдан ғана үйреніп қоймай, қаладағы басқа да сенсэйлардың шеберлік сағаттарына барып, әр жаттықтырушының мүмкіндігін көреді.

Амангелді Кармен бұл спортты оқу озаттары жақсы көретінін айтады. Себебі бұл интелектуалдық өнер. Ал ұшқалақ балалар спорттық каратэге құмар дейді ол.

Осындай жас спортшыларды тәрбиелеп жатқан федерацияға демеуші қажет-ақ. Каратэшілеріміз үлкен деңгейдегі халықаралық турнирге соңғы рет 2010 жылы қатысқан екен. Ұзақ уақыт бәсекелерден шет қалуы – қаражат тапшысына байланысты...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или