Головкин - Мурата жекпе-жегінің өтетін уақыты нақтыланды

Головкин - Мурата жекпе-жегінің өтетін уақыты нақтыланды

Жапонияның кәсіпқой боксшысы Риота Муратаның (16-2, 13 КО) промоутері Акихико Хонда қазақстандық боксшымен болатын жекпе-жектің жаңа мерзімін белгіледі.

<span>Акихико Хонданың айтуынша жекпе-жек сәуір айында өтпек. Головкин - Мурата жекпе-жегі коронавирустық пандемияға байланысты жапон үкіметінің шешімімен көктемге шегерілді. Бірақ нақты уақыты айтылмаған еді. </span>

Бұған дейін жекпе-жек 29 желтоқсанда Токиода өтеді деп жоспарланған. Осылайша, Головкин 2021 жылы жекпе-жек өткізген жоқ. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или