Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына дайындықты жалғастыруда
Futsalkazakhstan Instagram парақшасында Қазақстан құрамасының Голландияда 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтетін футзалдан Еуропа чемпионатына дайындық барысы туралы тың ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған дереккөздің хабарлауынша, команда Киевке кете алмай, Нұр-Сұлтанда жаттығып жүр.
Өкінішке орай, жаңа жылдық мерекелерден кейін ұлттық құрама жетекшілері Лео Хигита, Дуглас және Тинан Қазақстанға әлі келе алмады.
Еуропа чемпионатына қатысатын ұлттық құрама Алматы – Киев – Амстердам бағыты бойынша ұшуы керек еді, бірақ Алматы әуежайының жабылуына байланысты ҚФФ Нидерландыға жетудің балама жолдарын іздестіруде.
Нұр-Сұлтанда жарақатын емдеген Лео жалпы топта жаттығады, Дәурен Тұрсағұлов жеке жаттығуға мәжбүр