Нұрдәулетов «Ордабасыға» қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін

«Қайсардың» 32 жастағы жартылай қорғаушысы Қайрат Нұрдәулетов жарақатынан айығып, негізгі құраммен бірге жаттығуда, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Нұрдәулетов екінші турдағы «Оқжетпеспен» болған ойында жамбас сүйегінен жарақат алған болатын. Осы уақытқа дейін «Астананың» бұрынғы ойыншысы «Қайсар» сапында екі ойын өткізді. Қазіргі уақытта жарақатынан толық айығып, негізгі құраммен бірге жаттығу жұмыстарына кірісті. Келесі турда алаңға шығып қалуы мүмкін.

19-шы сәуір күні қызылордалықтар «Ордабасыға» қонаққа барады. Дмитрий Огай шәкірттері соңғы турда өз алаңында «Таразды» қабылдап, 1:3 есебімен жол берген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или