Қазақстан стритболдан әлем чемпионатына қатысады

Қазақстан стритболдан әлем чемпионатына қатысады

Қазақстанда стритболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңдері өтеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл ақпаратты Қазақстан стритбол лигасының баспасөз қызметі жариялады. Әзірше 88 жасөспірімдер командасы іріктеу сындарына қатысуға жолдама алды. Алдағы уақытта 180-ге дейін көбейту шаралары жоспарлануда. Ойындар 18-25 сәуір аралығында өтеді.

- Қазақстанның бұл әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндігі мол, - дейді SLK басшысы Жомарт Әсенқанов. – Себебі 2013 жылдан бастап SLK компаниясының демеуімен стритболшылар жаттығуларын шыңдауда. Осы уақытқа дейін еліміздің әр түкпірінде 50-ге жуық турнирлер ұйымдастырылды. Қазіргі таңда 5 мыңдай қазақстандықтар көше баскетболымен айналысады. Бұл осы спорт түріне жастардың қызығушылығы артады деген сөз.

Регламентке сай, бұл жарысқа 16-18 жас мөлшеріндегі жасөспірімдер қатыса алады. Финалдық ойындар 4-7 маусым аралығында Дебрецен (Венгрия) қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или