Шаңғы жарысынан Словениядағы Әлем кубогы кезеңі коронавирусқа байланысты өтпейді

Шаңғы жарысынан Словениядағы Әлем кубогы кезеңі коронавирусқа байланысты өтпейді

Шаңғы жарысы мен шаңғы қоссайысынан Словенияның Планица қаласында өтуі тиіс әлем кубогы кезеңі коронавирусқа байланысты өткен жоқ. Бұл туралы Халықаралық шаңғы спорты түрлерінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған кубоктық кезең Бейжің Олимпиадасы қарсаңындағы соңғы жарыс болатын. 

21-23 қаңтарға жоспарланған жарыстар коронавирусқа байланысты Словенияда өткізілмейді. Қазіргі таңда халықаралық ұйым жарыс өткізтін жаңа орынды іздестіріп жатыр. 

Айта кетелік, бұған дейін Францияның Ле Рус қаласындағы әлем кубогы кезеңі кейінге қалған болатын. 

Осы орайда, келесі кубоктық кезең 26-2 ақпанда Финляндиның Лахти қаласында өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или