Жәнібек Әлімханұлы қашан чемпиондық жекпе-жек өткізеді?

Жәнібек Әлімханұлы қашан чемпиондық жекпе-жек өткізеді?

Америкалық әйгілі инсайдер Крис Мэнникстің мәліметінше, британдық промоутер Эдди Хирн мен TopRank компаниясы арасында Жәнібек Әлімханұлы - Деметриус Андраде жекпе-жегін ұйымдастыру жөнінде белсенді келіссөздер басталды, деп жазады Prosports.kz.  

Ақпарқа сенсек, қазақстандық жанкүйерлер күткен жекпе-жек 2022 жылдың алғашқы ширегінде өтеді. Ресми келіссөздер 15 қаңтарда басталады.

Әлімханұлы жақында WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпиондық жекпе-жекке ресми үміткер болып танылды. WBO Әлімханұлы мен Деметриус Андрадены (31-0, 19 КО) жекпе-жек туралы келісімге келуге міндеттеді.

Еске салайық, 2021 жылы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) екі жекпе-жек өткізді. Маусым айында америкалық боксшы Роб Брунтпен (26-3, 18 КО) жекпе-жек өткізіп, оны сегізінші раундта жеңсе, қарашада француз Хассан Ндам Нжикаммен (38-6, 21 КО) жұдырықтасып, оны да сегізінші раундта нокаутқа жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или