Бублик, Попко және Кукушкин ATP рейтингісінде жоғарылады
ATP теннисшілердің жаңартылған рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Бірінші орында Сербия спортшысы Новак Джокович, ал екінші орында ресейлік Даниил Медведев жайғасқан. Үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндеді.
Қазақстандық теннисшілердің көбі рейтингтегі позициясын жақсартты. Александр Бублик бір саты жоғарылап, 35-орынға шықты. Ал Дмитрий Попко үш саты, Михаил Кукушкин мен Тимофей Скатов екі саты жоғарылады. Денис Евсеев бірден 12 қатарға көтерілді.
ATP рейтингісі. 10 қаңтар
1 (0). Новак Джокович (Сербия) – 11015
2 (0). Даниил Медведев (Ресей) – 8935
3 (0). Александр Зверев (Германия) – 7970
4 (0). Стефанос Циципас (Греция) – 6540
5 (0). Андрей Рублев (Ресей) – 4990
6 (0). Рафаэль Надаль (Испания) – 4875
7 (0).Маттео Береттини (Италия) – 4603
8 (0). Каспер Рууд (Норвегия) – 4155
9 (+2). Феликс Оже-Альяссим (Австрия) – 3653
10 (-1). Хуберт Хуркач (Польша) – 3636
...
35 (+1). Александр Бублик (Қазақстан) – 1538
177 (+3). Дмитрий Попко (Қазақстан) – 378
180 (+2). Михаил Кукушкин (Қазақстан) – 362
255 (+2). Тимофей Скатов (Қазақстан) – 240
391 (+12). Денис Евсеев (Қазақстан) – 108
538 (-2). Александр Недовесов (Қазақстан) – 61
699 (+29). Бейбит Жукаев (Қазақстан) – 35
783 (-2). Григорий Ломакин (Қазақстан) – 26
881 (-6). Достанбек Ташбулатов (Қазақстан) – 18
952 (0). Андрей Голубев (Қазақстан) – 14.