Рыбакина WTA рейтингісінде жеке рекордын жаңартты
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемнің үздік теннисшілерінің рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рейтингте бұрынғысынша аустралиялық Эшли Барти көш бастап тұр. Одан кейін беларусь Арина Соболенко мен испаниялық Гарбинье Мугуруса жайғасқан.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина 13-орынға көтеріліп, өзінің жеке рекордын жаңартты және қазақстандық теннисшілер арасындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді.
Өзге отандастарымыз жайлы айтсақ, Юлия Путинцева – 43, Зарина Дияс – 108-қатарға жайғасқан. Өзге теннисшілерміздің рейтингтегі орнын төмендегі тізімнен көруге болады.
WTA Рейтингісі. 10 қаңтар
1 (0). Эшли Барти (Аустралия) – 8051
2 (0). Арина Соболенко (Беларусь) – 6351
3 (0). Гарбинье Мугуруса (Испания) – 5635
4 (+1). Барбора Крейчикова (Чехия) – 5008
5 (-1). Каролина Плишкова (Чехия) – 4666
6 (0). Мария Саккари (Греция) – 43850
7 (0). Анетт Контавейт (Эстония) – 4351
8 (+1). Ига Свентек (Польша) – 3971
9 (-1). Паула Бадоса (Испания) – 3849
10. (0). Онс Жабер (Тунис) – 3455
...
13 (+1). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 2980
43 (-1). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1400
108 (-6). Зарина Дияс (Қазақстан) – 732
338 (0). Анна Данилина (Қазақстан) – 186
436 (-1). Ярослава Шведова (Қазақстан) – 119
489 (+21). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 96
494. (-2). Гозаль Айнитдинова (Қазақстан) – 95
879 (-3). Екатерина Дмитриченко (Қазақстан) – 28.