Ле Русседегі әлем чемпионатының кезеңі коронавирусқа байланысты өтпейді
Ле Русседе (Франция) қаңтардың 14-і мен 16-сы аралығына жоспарланған әлем чемпионатының кезеңі өтпейді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы халықаралық шаңғы жарысы федерациясы өзінің ресми сайтында хабарлады.
Кезеңнің өтпейтінін жарыстың ұйымдастыру комитеті, Францияның шаңғы федерациясы және ел билігі хабарлады. Оған қазіргі пандемия жағдайында халықаралық турнирлерді өткізуге алаңдаушылықтың артуы себеп болды.
Ұйымдастырушылар барлық күш-жігер мен жаңа шектеулерге қарамастан, спортшылардың, жаттықтырушыларының, қызмет көрсетушілер мен көрермендердің қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтынын мәлімдеді.
Осылайша, 2022 жылғы Олимпиада ойындарына дейін 22-23 қаңтарда Планица қаласында (Словения) өтуі тиіс әлем чемпионаты бағдарламасында бір ғана кезең қалды. Бағдарламаға классикалық спринт және скиатлон кіреді.