Том Леффлер: «Головкин бірнеше жыл бұрынғы Кличконың күйін кешіп отыр»

К2 Promotions промоутерлік компаниясының атқарушы директоры Том Леффлер қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді WBA, WBO, IBF және IBO тұжырымдарында аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы украиналық Владимиром Кличкомен салыстырды.

Том Леффлер Polsat Sport телеарнасына берген сұхбатында: «Қазір Головкин бұрынғы Кличконың күйін кешіп отыр. Кезінде Владимир Кличкомен де шаршы алаңда ешкім жолыққысы келмей, қартайған шағын күткен болатын. Головкиннің қарсыластары да қазір одан қашқақтап жүр. Алайда, ол бар болғаны 32-де, сондықтан ол әлі алда талай боксшыны нокаутпен ұтарына күмәнданбаймын», - деді.

Естеріңізде болса, биылғы жылдың ақпан айында Головкин британиялық Мартин Мюррейді нокаутпен ұтқаннан кейін Кличко оның қайратына таң қалғанын жасыра алмай: «Жігіттер, Головкиннің өткен жексенбідегі жекпе-жегін көрдіңдер ме? Не деген соққы! Ол менің дивизионымда болмағаны қандай жақсы!» - деп жазған еді Twitter-дегі жеке парақшасында.

Айта кету керек, Геннадий Головкин кәсіби карьерасында 32 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті (29 КО). Ал келесі жекпе-жегін 16 мамырда Лос-Анджелесте америкалық Вилли Монроға қарсы өткізеді.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или