Денис Евсеев Форлиде өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің екінші айналымына өтті
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Форлиде (Италия) өтіп жатқан Челленджер турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Денис бірінші айналымда португалдық теннисші Гонсало Оливейрамен кездесіп, оны 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
Матч 1 сағат 19 минутқа созылды.
Еске сала кетейік, іріктеу финалында Денис Евсеев Германия өкілі Эльмар Эйюповичті үш сетте жеңді - 6:7 (8), 7:6 (5), 6:2.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или