Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан командасына іріктеу турнирі өтеді
Қаңтар айында отандық үстел теннисі шеберлерін екі маңызды жарыс күтіп тұр.
Жылдың алғашқы айында ұлттық құрамаға іріктеу турнирі өтеді (13-16 қаңтар). Сондай-ақ, Павлодарда жекелей және командалық ел біріншілігінің жалауы желбірейді (31 қаңтар-6 ақпан).
Қарағандыдағы турнирде 2021 жылғы Қазақстан біріншілігінде көзге түскен 12 үздік спортшы бақ сынайды. Олардың қатарына іріктеу сынында топ жарған төрт жеңімпаз қатысады. Былтыр іріктеу турнирінде Айдос Кенжеғұлов пен Анастасия Лаврова жеңіске жеткен болатын.
Ал Павлодардағы ел чемпионатына жеңімпаз ретінде Алан Құрманғалиев пен Сарвиноз Мирадирова аттанады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или