«Канело» Головкинге тиімді шарт ұсынбақшы

«Канело» Головкинге тиімді шарт ұсынбақшы

Boxeoplus.com сайты қазақстандық боксшы Геннадий Голоакиннің мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен үшінші айқасына қатысты пікір білдірді.

Ең алдымен, Головкиннің жапондық боксшы Риота Муратамен көктемге жоспарланған айқасы өтуі тиіс. «Егер Головкин Муратаны жеңсе, қарсылас іздеп жүрген «Канело» оны өте тиімді шартпен трилогия өткізуге шақыруы мүмкін. Қазақстандыққа Деметриус Андраде мен Джермалл Чарло басқа нұсқк бола алады», - деп жазды басылым.

Еске салайық, Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Ал, Риота Мурата WBA Super титулының иегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или