«Наполи» «Манчестер Юнайтедтің» қорғаушысын жалға алaды
«Манчестер Юнайтедтің» қорғаушысы Аксель Туанзебе мансабын Италияда жалғастырады.
Журналист Фабрицио Романоның айтуынша, 24 жастағы ағылшын ойыншысы маусымның соңына дейін «Наполиге» жалға беріледі. Бұл үшін неаполитандықтар 400 мың еуро төлейді.
Туанзебе қазір «Астон Виллада» жалға алынған. Премьер-лиганың ағымдағы маусымында 11 кездесу өткізгенімен, нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или