2021 жылдың ең соңғы нокауты тіркелді
Бүгін Токиодағы Ota City General Gymnasium кешенінде бокс кеші өтіп, жылдың соңғы нокауты тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай жеңіл салмақта 18 жастағы боксшы Сеия Ивамото (2-0, 1 КО) отандасы Такуя Хиросемен (1-0) кездескен. Жекпе-жек төрт раундқа есептелген еді. Соңғы раундта Ивамото қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша, Ивамото карьерасындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, ол 2021 жылы бокстағы ең соңғы нокауттың авторы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или