Қазақстандық теннисші Үндістандағы жарыстың финалына шықты
Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Үндістанның Нави-Мумбаи қаласында өтіп жатқан W25 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина украиналық Валерия Страховамен бірге жартылай финалда ресейлік Екатерина Яшина мен үндістандық Пратана Томбаремен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-украиналық жұп қарсыластарын 6:3, 6:3 есебімен ұтты.
Аталмыш додада тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева да финалға шығуы мүмкін. Ол латвиялық Диана Марцинкевичпен бірге жартылай финалда жапониялықтар Нахо Сато – Моюка Учижимамен ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или