«Канелоның» бапкері Головкинмен болатын үшінші айқас туралы мәлімдеді
Суперорта салмақтағы абсолют чемпион Сауль «Канело» Альварестің (57-1-2, 39 КО) бапкері Эдди Рейносо қоластындағы боксшыны неліктен Давид Бенавидеспен 25-0, 22 КО) бір алаңда көрмейтінін түсіндірді. Сонымен қатар Геннадий Головкинмен 41-1-1, 36 КО) өтетін үшінші айқастың мақсаты туралы айтты.
Коучтың айтуынша, Бенавидестің айтарлықтай жетістіктері жоқ.
«Ол ешқандай рекорд жасамады, боксшы жеңген Энтони Диррелл де өз салмағында ерекшеленбеген. Көбі Бенавидесті асыра бағаланған деп санайды. Ол да әлем чемпионы болды, алайда тәртіптің жоқтығынан титулын жоғалтқан болатын – бір рет допинг үшін, екінші рет салмағы үшін. Оның атағына кір келді.
Боксшы қарсыластарын нокаутқа жіберіп, соққыларды жаудырады, сол себепті Сауль үшін өте ауыр қарсылас болар еді. Бізге онымен не үшін айқасу керек? Оның айтарлықтай жетістіктері жоқ, әлсіз қарсыластармен ғана алаңға шығады», - деді ол.
Рейносо Альвареске 76,2 кг салмақта қызық болатын екі қарсыластың атын атады.
«Бізге мықтылармен жекпе-жекке шығуға тырысу керек. Біздің Джермалл Чарло және Геннадий Головкинмен алаңға шыққымыз келеді», - деді коуч.
Ол үшін GGG суперорта салмаққа ауысуы керек.