Сабина Алтынбекова: Мен жолдасыммен үш-ақ рет кездесіп, тұрмысқа шықтым
Жақында ғана сәбилі болған спортшы Сабина Алтынбекова жолдасымен бірге шетелге аттанды. Танымал спортшы отбасымен демалуды ұйғарған. Желіде қызықты оқиғасымен бөлісті.
“Аяқ асты шешім мен жеңілдік бізге қатысты. Жиналамыз да, аттанамыз. Бірінші мерейтойымызда шуақты Дубайға аттандық. Жеңіл келдік, балам, ыңғайлы қоларба, жақсы көңіл күй”, –деп жазды Алтынбекова.
Желі оқырмандары жас босанған ананың қыдырып жүргенін сынаса, енді бірі киіміне мін тақты.
“Жаңа туған ана жеңіл жүрмейді, бұлардан суық өтпей ме?”, “Жақсы болсын бәрі”, “Жолдасы намаз оқымай ма, әйелінің киіміне қарамай ма?”, “Біреуге сын айтқанша, өзімізді түзейік”, “Сіздер де елді сөге береді екенсіздер”, “Қандай жарасымды жұп”, “Сымбатты қыз”, “Киімі өзіне жарасып тұр”, “Келіннің олай жүргені жақсы емес”, – деп жазды олар.
Спортшы қыз жұбайымен үш рет қана кездесіп, тұрмыс құрғанын айтты.
“Көңіл күйім жақсы кезде кездесуге барайын деп шештім. Мені бәріне бейжай қарайды деп ойламаңыз, мен әрқашан кез келген кештерден, кездесулерден, қашып жүретін адам едім. Саят кездесуге шақырғанда, баруға бел шештім. Оқиғамыз осылай басталып, естен кетпес 3 кездесу осылай өтті, содан кейін Саят ұсыныс жасады, оны кейін жазамын”, – деді Алтынбекова.