Қазақстандық теннисші Нави-Мумбаидағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Үндістанның Нави-Мумбаи қаласында IWTC-2021 жұптық турнирінің ширек финалында жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшы украиналық Валерия Страховамен бірге жапондық дуэт Фуну Козаки мен Мисаки Мацудуды 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Айта кетейік, бұл жұптың желтоқсандағы екінші кездесуі: Страхова/Данилина өткен аптада Пунада ITF 25 жұптық турнирінің ақтық сынында жапондықтарды жеңген болатын.
Жартылай финалда Страхова мен Данилина ресейлік Екатерина Яшина мен үндістандық Пратана Томбаремен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или