Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің ресми постері шықты

Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің ресми постері шықты

<span>Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) шаршы алаңға 21 қаңтарда шығады, деп хабарлайды </span>Prosports.kz.

Қанат Ислам Флорида штаты Плант-Сити қаласында өтетін Probox Promotions бокс кешінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы британиялық Джимми Келли (25-2, 10 КО) болады.

Бокс ардагерлері кіші Рой Джонс, Антонио Тарвер және Поли Малиньяджи рингсайдта кеш туралы пікір өрбітеді.

Айта кетейік, Қанат Ислам алдыңғы жекпе-жегін 2021 жылы ақпанда өткізді. Онда отандасымыз эквадорлық Джейсон Миндуды (14-5-1, 8 КО) жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или