Игита маусымды қорытындылап, жаңа жылмен құттықтады
Футзалдан Қазақстан құрамасы мен алматылық «Қайраттың» қақпашысы Лео Игита Olympic.kz сайтына берген сұхбатында жылды қорытындылады.
«Жыл біз үшін қиын болды. Әлем чемпионатында көп күш жұмсадық, бірақ жеңіске жете алмағанымыз өкінішті. Біз жеңіске жету деген мақсатпен ғана ойынға шықтық. Алайда ештеңе етпейді. Алда әлі Еуропа чемпионаты бар.
Біреуге болсын үлгі болдық және шабыттандырдық деп үміттенемін.
Маусым бойы еңбек етіп, жаттығып, өнер көрсеткеніміз текке кетпеді деп айта аламын. Барлық нәтижелер соған тұрарлықтай. Жаңа жылда барлық қазақстандықтарға үлкен жеңістер, бақытты сәттер, денсаулық тілеймін», — деді Игита.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или