«Барыс» «Салават Юлаевқа» есе жіберді
Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойынын «Барыс» өз айдынында «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен өткізді.
Бірінші кезеңде қонақтардан Сергей Шмелев 13 минутта мергендігімен көзге түсті. Екінші тайм басында Линден Вей сан басымдылығын пайдаланып, таразы басын теңестіргенімен, көп ұзамай С.Шмелев жеңіс голын соғып кетті – 2:1.
Үшінші кезеңде айдын иелері қанша тырысып баққанмен, есеп өзгерген жоқ. Осылайша Юрий Михайлистің шәкірттері жылдың соңғы матчында жеңіліс тапты. Елордалықтар 42 ұпаймен Шығыс конференциясында бұрынғысынша сегізінші орында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или