Хитров: «Мен Головкинмен кездесуге 100 пайыз дайынмын»

Орта салмақтағы украиналық кәсіпқой боксшы Евгений Хитров (10-0, 9 КО), америкалық Аарон Коулиді (9-1-1, 6 КО) жеңгеннен кейін отандасымыз Геннадий Головкинмен кездескісі келетінін мәлім етті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Коулиге қарсы өткізетін жекпе-жекке Хитров Big Bear жаттығу лагерінде дайындалып, Головкинмен пікір алысқанын жеткізді.

«Big Bear лагерінде боксшыларға өте керемет жағдай жасалған. Шынымды айтсам, өмірімде мұндай лагерді алғаш рет көруім. Әуесқой бокста жүргенде боксшыларға мұндай жағдай жасалмайтын. Мен онда Геннадий Головкинмен тілдесуге мүмкіндік алдым. Біз онымен дос болып кеттік десем, артық айтқаным емес. Біз жаттығу режимі мен ондағы қызметкерлер жайлы әңгімелестік», - дейді Хитров.

Украиналық боксшы жыл соңына дейін өз салмақ дәрежесінде ТОП-10 тізіміне кіріп, қазақстандық боксшымен қолғап түйістіруді өзіне мақсат етіп қойғанын жасырмады.

«Ия, мен Головкинмен кездесуге 100 пайыз дайынмын. Өз салмағыңда топ жару үшін үздік боксшылармен күш сынасу керек. Ал менің салмағымда қазір Головкинге тең келер боксшы жоқ», - дейді Хитров.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или