Теміртауда футбол фестивалі өтті

Теміртауда «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен футбол фестивалі өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Теміртау спорттық бөлімінің» ақпараты бойынша, іс-шараға ДЮСШ тәрбиеленушілері мен «Болат-АМТ» училищесінің олимпиадалық құрамын қосқанда 300-ге жуық жас футболшылар қатысты. Жастарды теміртаулық клубтың ойыншылары қадағалады. «Болат» аяқдопшылары жас жеткіншектерге мастер-класс көрсетіп, сыйлықтар табыстады.

«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы Алексей Ломакин іс-шара жайында өз пікірін білдірді: «Біз бүгін жас жеткіншектерді жас мөлшерлеріне қарай он топқа бөліп, бабалармен жақсы жұмыс жасауы үшін әрқайсысына жеке бапкерлер тағайындадық. Жұмыс біткеннен соң жасаған істеріне шолу жасап, олардың еліміздегі балалар футболының даму қарқыны қандай деңгейде екендігіне баға беруін сұраймыз. Сонымен қатар, әр топ ішінен белсенді жеткіншектерді таңдап аламыз. Бұл фестиваль қаламызда алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. Алдағы күндері осындай іс-шараны тағы бір өткізуді жоспарлап отырмыз».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или