Джошуаның промоутері Усикпен реванш қашан өтетінін айтты
Аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуаның промоутері Эдди Хирн Александр Усикпен реванш 2022 жылы сәуір айында өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Әрине, біз жиналып, күнді белгілеуіміз керек. Сәуір - бұл жекпе-жек өткізуге ең ыңғайлы кезең. Усиктің менеджері Алекс Красюкпен бірге отырып, алдағы кездесу жайлы келіссөзді бастауымыз керек», - деп келтіреді Хирннің сөзін BoxingScene.
Айта кетейік, Энтони Джошуа мен Александр Усик 2021 жылы қыркүйекте кездесті, онда украиналық боксшы жеңіске жетіп, қарсыласының үш титулын тартып алған болатын. Келісімшарт бойынша Усик Джошуамен реваныш өткізуге міндетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или