Джокович ATP кубогына қатыспайды
Серб теннисшісі, әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович халықаралық турнир – ATP кубогына қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Джокович турнирден бас тартты. Сербттің 2022 жылғы бірінші «Үлкен дулыға» турниріне (Australian Open) қатысуы да күмәнді. Australian Open - 2022 туралы соңғы шешім желтоқсан айының соңында белгілі болады. Ол қазір Белградта жаттығуда.
Турнирдің басталуы 1 қаңтарға жоспарланған. Сербия құрамасында Филип Кражинович, Душан Лайович, Матей Сабанов, Николо Качич және Николо Миложевич бар. Команданы Виктор Троицкий жаттықтыратын болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или