Испан чемпионаты: «Барса» мен «Эль Посо» 12-ші турындағы матчтарында жеңіске жетті (видео)
Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан өнер көрсететін «Эль Посо» мен каталондық «Барса» футзалдан Испания чемпионатының 12-ші турындағы матчтарында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Эль-Посо» турнир кестесінде үшінші орында тұрған «Картахена» командасын сырт алаңда 3:2 есебімен жеңді. Бұл кездесуде Тайнан 29-минутта сары қағаз алды. Мурсиялық командасы осы табысының арқасында 23 ұпай жинап, бесінші қатарға орналасты.
«Картахена» – «Эль-Посо» (Мурсия) 2:3 (1:1)
Гол соққандар: Мингес (1), Мельядо (25) – Мати Роса (10), Лукао (38, автогол), Рафа Сантос (39)
«Барса» сырт алаңда «Левантеге» қарсы ойында 3:1 есебімен жеңіске жетті. 31 ұпайы бар каталондықтар испан дивизионында жалғыз көшбасшы.
«Леванте» – «Барса» 1:3 (1:0)
Гол соққандар: Серхио Лосано (15, автогол) – Пито (26, 40), Феррао (39)
Фото instagram.com/elpozomurciafsoficial