Головкин P4P рейтингінде 7-орынға көтерілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (32-0, 29 КО) беделді америкалық The Ring журналының нұсқасы бойынша Pound for pound (P4P) рейтингінде 2 орынға көтерілді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Жаңартылған рейтингте Геннадий Головкин уақытша жетінші орынға тұрақтады. Ал тізім басында бұрынғыша америкалық Флойд Мейвезер келеді, Владимир Кличко екінші орында және филиппиндік Мэнни Пакьяо үздік үштікті түйіндеп тұр.

Рейтингтің өзгеруіне америкалық Тимоти Брэдлидің 9-орынға және мексикалық Хуан Мануэль Маркестің 7-орыннан 10-орынға орынға сырғуы себеп болып отыр. Ал британиялық Карл Фроч 8-орыннан 6-орынға көтерілді.

Естеріңізге саламыз, отандасымыз келесі жекпе-жегін 16 мамыр күні Лос-Анджелестегі 17 мың орындық «Форум» аренада өтеді. Оның қарсыласы Boxcino-2014 турнирінің жеңімпазы 28 жастағы америкалық боксшы Вилли Монро (19-1, 6 КО). Бұл отандасымыздың кәсіби карьерасындағы 33-кездесуі, ал биылғы жылы шаршы алаңға екінші рет шыққалы отыр.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или