Биатлоннан Вишневская мен Мухин қысқы Спартакиадада топ жарды
Алматыда қысқы Спартакиада аясында биатлон бойынша сайыстар өтіп жатыр.
- 21-27 желтоқсан аралығында Алматыдағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде V қысқы Спартакиада өтуде. Жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен 112 биатлоншы өзара бақ сынауда.
Спартакиаданың негізгі мақсаттарының бірі – спортшыларымызды алдағы Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарына дайындау. Сонымен қатар, Спартакиаданың қорытындысы бойынша биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі анықталады, - делінген ұлттық биатлон одағының мәлімдемесінде.⠀
Жарыс қорытындысы бойынша, ерлер арасындағы эстафетаның қорытындысы бойынша команданың үздік нәтижесін Ақмола облысының биатлоншылары көрсетті. Мәреге бірінші болып<span> </span>Александр Мухин<span> </span>жетті.
Әйелдер арасында Шығыс Қазақстан облысының спортшылары топ жарды.<span> </span>Галина Вишневская<span> </span>әйелдер арасында көш бастады.
Айта кетерлігі, ұлттық құрама 6 қаңтарда әлем кубогінің V кезеңіне қатысу үшін Германияға аттанады.