Қазақстандық үш боксшы өнер көрсететін кештің трансляциясы
Бүгін, 24 желтоқсанда Мәскеуде «Крылья Советов» спорт кешенінде бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Кеш аясында қазақстандық үш боксшы Бек Нұрмағанбет, Евгений Павлов және Данила Семенов өнер көрсетеді.
Бек Нұрмағанбет (5-0, 3КО) колумбиялық ардагер Хосе Мигель Торреспен (33-11, 27КО) кездеседі. Евгений Павлов (5-0, 4КО) венесуэлалық Эдиксон Переспен (24-7, 18КО) жұдырықтасады. Ал Данила Семеновтің (4-0, 2КО) қарсыласы аргентиналық боксшы Пабло Фариас (32-5, 17КО) болады.
Кештің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:30-да басталады. Турнирлі<span> </span>«Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или