Ел чемпионаты: 71, 67 және 63,5 келі салмақта жеңімпаз анықталды
Оралда бокстан ерлер арасында Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
63,5 келіге дейінгі салмақта Алматы облысының боксшысы Ділмұрат Мижитов шымкенттік Абзал Серікті жеңіп, чемпион атанды.
Ал 67 келі салмақта Дулат Бекбауов (Жамбыл облысы) ел чемпионатында топ жарды. Ол финалда Дархан Дүйсебайдан (Алматы облысы) басым болды.
71 келі: Финалда Павлодар облысынан келген Қуан Қуатов пен Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Ермахан Жақпеков кездесті. Бұл жекпе-жекте Ермахан Жақпеков жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или