Батыр Жүкембаев бокстан уақытша шеттетілді

Батыр Жүкембаев бокстан уақытша шеттетілді

18 желтоқсан күні қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) Монреальда (Канада) мексикалық Хуан Хосе Мартинеске (28-11, 20 КО) қарсы жекпе-жектен кейін бокстан «шеттетілді».

Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек небәрі 69 секундқа созылып, Жүкембаев техникалық нокатупен жеңіске жетті.

Осы жекпе-жектен кейін Квебек провинциясының бокс комиссиясы Мартинестің белгісіз мерзімге шаршы алаңға шығуына тыйым салса, Жүкембаев ағымдағы жылдың 24 желтоқсанына дейін жекпе-жек өткізбеуі керек. Бұл шара медициналық сипатқа ие және боксшылардың қалпына келуі үшін қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или