Қазақстанда жаңа футбол клубы ашылды
22 желтоқсанда Қазақстанда жаңа "Aqtobe City" футбол клубы ашылды. Бұл туралы "Серый CARDINAL" телеграм-арнасы мәлімдеді.
Қазір заңды тұлға әділет органдарында тіркелген. Клуб басшылығы Қазақстан футбол федерациясының сертификатын алу үшін құжат жинастыруды бастаған. Футбол клубының басты артықшылығы жергілікті ойыншылардың ғана ойнауында.
"Aqtobe City" келесі жылы екінші лигаға қосылуы мүмкін. Клубтың байқаушылар кеңесінің басшысы болып Есенқұлов Арман Бекетұлы сайланды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или