Бокс

Қанат Ислам чемпиондық WBO титулынан айырылды

Қанат Ислам чемпиондық WBO титулынан айырылды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) енді орта салмақтағы WBO International белбеуінің иесі емес, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, белбеу қазір бос. Естеріңізге сала кетейік, қазақ 2019 жылдың қазан айында Алматыда намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) бірауыздан жеңген WBO International титулын жеңіп алған болатын. Содан кейін Қанат бір ғана жекпе-жек өткізді – биылғы жылдың ақпан айында Майамиде эквадорлық Джейсон Минданы (14-5-1, 8 КО) нокаутқа түсірді, бірақ Дүниежүзілік бокс ұйымының тұжырымы бойынша «халықаралық» титул бәске тігілген жоқ.

Қазақстандық келесі жекпе-жегін 21 қаңтарда АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Сити қаласында өткізеді деп күтілуде. Қарсыластың есімі кейінірек белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер