Елена Рыбакина Сиднейде өтетін WTA 500 турнирінде өнер көрсетеді
Tennis Australia ұйымы 10-15 қаңтар аралығында Сиднейде өтетін WTA 500 Sydney Tennis Classic турниріне қатысушылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ausopen.com сайтына сілтеме жасап.
Аталған жарыстарға қатысуға өтінім берген спортшылар қатарына Қазақстан құрамасының көшбасшысы, әлемнің 14-ракеткасы Елена Рыбакина да енді. Еленгендердің қатарын WTA рейтингінің көшбасшысы Австралиялық Эшли Барти басқарады.
Сиднейде WTA рейтингінде ең жоғары орындарды иеленген 24 теннисшінің 19 өнер көрсетеді, олардың арасында Гарбинье Мугуруса (Испания), Барбора Крейчикова (Чехия), Мария Саккари (Грекия), Анастасия Павлюченкова (Ресей) бар.
Фото rolandgarros.com
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или