Қазақстандық боксшы ақпан айында жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы ақпан айында жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (17-0, 16 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.

Abendblatt.de сайтының хабарлауынша, отандасымыз ақпан айында Гамбургте (Германия) Universum-Box промоутерлік компаниясы ұйымдастырған кеште жекпе-жек өткізеді. Қарсыласының есімі әлі жарияланған жоқ.

32 жастағы қазақстандық боксшы кейінгі кездесуін 20 қарашада өткізді. Гамбургте өткен бокс кешінде Жан Кособуцкий доминикандық Алексис Гарсияны (11-1, 7 КО) нокаутқа түсіріп, аса ауыр салмақтағы WBC International Silver титулын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или