Кіші Чавестің Геннадий Головкинмен неліктен жұдырықтасқысы келмейді?
<p style="text-align: justify;">
<strong>Орта салмақта әлемнің экс-чемпионы кіші Хулио Сезар Чавес (48-1-1, 32 KO) осы салмақта WBA (Super), IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (32-0, 29 КО) шаршы алаңда кездескісі келмеуінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды BNews.kz. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Кіші Чавестің пікірінше, Головкин АҚШ-та атағы шыға қоймаған боксшы, ол алдымен едәуір атақты боксшылармен кездесуі қажет. Мәселен, жартылай ауыр салмақта WBA/WBO/IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сергей Ковалевпен (27-0-1, 24 КО) жұдырықтасса болады.</p>
<p style="text-align: justify;">
«Головкин мықты қарсыластарын жеңуі керек. Энди Ли мен Питер Куиллин жекпе-жегінің жеңімпазы сияқты өзге жұлдыздардан мықты екенін көрсетсін. Немесе екінші орта салмаққа ауыссын. Ол жаттығуларда Ковалевті ұтқанын журналистерге айтты. Онда неге Ковалевпен жұдырықтаспасқа?», - деп атап өтті мексикалық спортшы.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или